Жас сарапшылар мектебі

Sarapshy: жаңа қоғамдық әдеп сарапшылары

Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылады

Өтінімдерді қабылдау: 2026 жылғы 1–10 қазан қоса алғанда

Өтінім беру

Қазақстан қоғамдық даму институты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Sarapshy: жаңа қоғамдық әдеп сарапшылары» жобасына қатысушыларды ашық конкурс арқылы іріктейді.

Қатысу үшін форманың барлық міндетті жолын толтырып, қажетті материалдарды тіркеңіз. Өтінімдер 2026 жылғы 1 қазаннан 10 қазанды қоса алғанға дейін қабылданады.

Шынайы әрі өзекті мәліметтер көрсетуіңізді сұраймыз. Іріктеуден өткен қатысушыларға көрсетілген байланыс деректері арқылы хабарланады.

Өтінім формасы

— міндетті сұрақ

Магистр немесе PhD (докторантура) дәрежесі, сондай-ақ ғылыми дәрежесі не ғылыми атағы (ғылым докторы, PhD, профессор, доцент) бар үміткерлерге басымдық беріледі

Кемінде 5 жыл тәжірибе талап етіледі

Мамандануыңыз

Әлеуметтік инженерияға қатысты әлеуметтік-гуманитарлық бағыттардың бірінде кәсіби құзыреттің болуы талап етіледі

Негізгі жобаларыңыздың, зерттеулеріңіздің, сараптамалық жұмыстарыңыздың қысқаша сипаттамасы

Көпшілік алдындағы коммуникация тәжірибеңіз

Қоғамдық кеңістіктегі белсенділігіңізді көрсетіңіз